top of page

Қазақстан оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 90 медаль жеңіп алды

  • news_one
  • 20 янв. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінде мамандандырылған білім ұйымдарының оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндерінен XVII халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, олимпиадаға Аустралия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен 146 команда құрамында 1 мыңнан астам оқушы қатысты.


Бәсеке қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 90 медаль жеңіп алды: оның 13-і - алтын, 37-сі - күміс және 40 қола медаль. Олимпиада нәтижесі бойынша 500 қатысушы жүлдегер атанды.


Білім және ғылым министрлігі олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-анасы мен мұғалімдерді жеңісімен құттықтады.

 
 
 

Комментарии


© 1999-2026  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page