top of page
Поиск

Қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындарына қатысты қандай өзгерту енгізілді


Заңнамаға енгізілген түзету жоғары оқу орындарының үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Енді қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындары да техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсіміне қатыса алады» - деп жазды А. Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Осы орайда министр бұған дейін оларда мемлекеттік тапсырыс алу құқығы болмағанын еске салды.


«Біз бұл мәселені де шештік. Енгізілген түзету жоғары оқу орындарының үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл түзетулердің барлығы заңнаманы жетілдіруге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыруға бағытталған», - деді ведомство басшысы.


Бұдан бұрын хабарланғандай, грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады.


Айта кетейік, 2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Яғни, енді әр жоғары оқу орнында берілетін дипломдардың барлығы біркелкі болмайды. Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді.


Автор: Руслан Ғаббасов



#ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі


Comments


bottom of page