Қарағандылық оқушы математикадан екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды
- news_one
- 26 мар. 2021 г.
- 1 мин. чтения

Қарағандылық Рахым Баймұрзин математикадан екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Рахым Баймұрзин XXXIII халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және ХХ Халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасына қатысты.
Ол Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. «Жібек жолы» олимпиадасында үшінші орын алды.
Биыл Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасына 38 елдің өкілдері қатысты: Аргентина, Аустралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түрікменстан, АҚШ, Түркия және т. б.
«Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасына Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің: Қытай, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және т. б. оқушылары қатысты.
Автор: Агата Мухамеджанова
#Қарағанды облысы #Білім
Comentários