top of page

Қызылорда ғалымдары жерді улайтын химикаттар орнына табиғи тыңайтқыш ойлап тапты

  • news_one
  • 6 апр. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Қызылорда облысының ғалымдары күріш қауызы негізіндегі органикалық тыңайтқыштардың жаңа түрін шығарды.


Жаңалық ашқан оқымыстылар әлгі тыңайтқыш көмегімен өсімдіктердің өнімділігі 40 процентке дейін артуы мүмкін екенін алға тартады. Сыр өңірінде жыл сайын күріштен 500 мың тоннадан астам өнім алынады. Оны өңдегеннен кейін қалдықтары өртеледі және қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретіні айтылды. Жергілікті ғалымдар осы мәселені шешудің жолдарын көптен бері іздеп келді. Шешім енді табылған секілді. Рас, бұған дейін Қызылордада қалдық шикізаттан биокөмір алынған болатын. Ал жаңа тыңайтқыш топырақта ылғалды сақтайды, бұл әсіресе құрғақ аймақтар үшін пайдалы. Құрамында көптеген пайдалы микроэлементтер бар.


Нұрбол Аппазов, химия ғылымдарының кандидаты:

- «Терра прета нова» негізінен ұсақталған сабаннан немесе қауыздан, көңнен және биохардан тұрады. Бұл бактериялардың тез көбеюіне және компост жасау процесін тезірек жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша бұл тыңайтқыш органикалық егіншілік үшін өте құнды биотыңайтқыш болып табылады. Қазақстанда ол еш жерде қолданылмайды. Алғаш болып біз қолға алдық.



Ақпарат көзі: 24.kz

 
 
 

Comments


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page