top of page
Поиск

Үшінші тоқсанда қандай пәндер дәстүрлі форматта оқытылады


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсаннан бастап ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер дәстүрлі форматта оқытылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Үшінші тоқсаннан бастап 9 бен 11-сынып оқушыларының 70 пайызы дәстүрлі форматта оқиды. Әсіресе ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндер, сонымен қатар қиындық тудырып отырған пәндер де дәстүрлі форматта оқытылады. Сондықтан бұл мәселе бойынша сабақ кестесіне дейін әдістемелік ұсынымдарды дайындап, бүгін жібереміз. Үшінші тоқсаннан бастап талқыланған тәртіп бойынша жұмыс жүргіземіз», - дейді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында.


Оның айтуынша, гимназиялық, лицейлік компонент бойынша қосымша өтетін сағаттар бар.


«Міне сол сағаттардың негізінде де жалақы төленеді. Сондықтан бұл мәселе бойынша мектептің өздері ақылдасып, тиісті шешім қабылдауына болады. Мұны дұрыс түсініп, ұйымдастыру керек. Колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы бірінші курс студенттері бойынша таяуда нүкте қойылады. Әлі бір ай уақыт бар. Келген ортақ шешім бойынша оқуды ұйымдастырасыздар», - деді ол.


Еске салайық, оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) форматына көшіріледі.




Автор: Аян Бекенұлы



#Білім #ҚР Білім және ғылым министрлігі


Комментарии


bottom of page