top of page

ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы жарияланды

  • news_one
  • 21 янв. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

ree

Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге 16 307 адам қатысты, деп хабарлайды, ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тестілеуге қатысқандардың ішінде 12 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4 216 орыс тілінде тапсырды. 86 талапкер аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылып, тест нәтижелері жойылды.


ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша 205 қатысушы 110-нан астам балл жинады. Карантинге байланысты тестілеу 15 лек бойынша өтетінін айта кеткен жөн. Қаңтар айындағы ҰБТ барысында аудиториялардың сыйымдылығы 20-25%-ке пайдаланылды. Бірінші күні 143 пунктің 114-інде тестілеу өтті. Барлық аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, ата-аналар үшін бейнетрансляция қолжетімді.


ҰБТ-ның барлық қатысушысы дезинфекциялық туннель және арнайы кілемшелер арқылы өтті, дене қызуын өлшетті, қолдарын санитайзермен залалсыздандырды және ұсынылған медициналық маскаларды пайдаланды, яғни қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекциядан өтті.


Тест тапсырушыларды аудиторияларға кіргізу және отырғызу кезінде кемінде 2 метр арақашықтық сақталып жатыр. Әр аудитория желдетіліп, бактерицидтік жабдықтармен өңделген. Санитарлық талаптардың барлығы қатаң бақылауға алынған.


Қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жарамды. Талапкерлер бір жылда тестілеуді 4 рет тапсыра алады. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміз бойынша кеше, 20 қаңтар күні басталды және 5 ақпанға дейін жалғасады.


 
 
 

Комментарии


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page