top of page
Поиск

Әркімнің өз азаматтық шешімі бар – БҒМ мұғалімдердің сайлау науқанына атсалысуы жайлы


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова сайлауға күштеп тартылған мұғалімдер болса, олар министрліктің өңірлердегі департаменттеріне жүгіне алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мұғалімдер мәртебесі туралы заң қабылданды. Иә, ол заң аясында мұғалімдерді тиісті емес жұмыстарға тарту қарастырылмайды. Бұл бойынша фактілер болса, біздің министрліктің жергілікті жерде орналасқан департаменттерімізге жүгінуге болады. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттер бұл мәселені түбегейлі қарастырып отырады. Егер мұғалімдер тарапынан мұндай сұрақтар келіп түссе, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданады», - деді Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Вице-министр сайлау жұмыстарына атсалысу – әркімнің өзінің азаматтық шешімі екенін мәлім етті.


Еске салайық, 10 қаңтар күні Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтті. ҚР Орталық сайлау комиссиясы бүгін сайлау нәтижесін жариялады.


Автор: Аян Бекенұлы


#Білім #ҚР Білім және ғылым министрлігі #Сайлау-2021

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page