top of page
Поиск

Өңірлердегі ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады


Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру басталады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаражат салуын орталықтандыру көзделген. 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағлымдамаға жіберу ұйымдастырылады» - деді Асқар Мамин. Оның айтуынша, жас ғалымдарға 1 мың грант бөлінеді.


«Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басым орталық құру бойынша жоба іске асырыла бастайды», - деді ҚР Премьер-Министрі.


Комментарии


bottom of page