top of page
Поиск

Қазақстандық оқушылар 48 медальді еншіледі


14-18 қаңтар аралығында Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша жоғары сыныптар арасында ХII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Бірнеше күнге созылған білім додасында қазақстандық оқушылар 191 медальдің - 48-ін қанжығаларына байлады. Олардың үшеуі - алтын, он үші - күміс және отыз екісі - қола медаль.

Биыл қатысушылар саны бойынша сайыс рекордтық көрсеткішке жетті. Жыл сайынғы дәстүрлі сайысқа биыл әлемнің 17 елінен 61 команда қатысты. Сайысқа түскен 413 оқушының 138-і қазақстандық жасөспірімдер. Оқушылардың білімін саралаған халықаралық әділ қазылар алқасы Қазақстан, Ресей, Болгария, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Белоруссия, Өзбекстан сынды сегіз елдің ғалымдарынан құралды.

Әлем елдері оқушыларының ғана емес, ғалымдарының да басын қосатын дәстүрлі олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату. Айта кету керек, мұндай халықаралық олимпиада әлем бойынша теңдессіз шара болып табылады. Ол әлемдік математика, физика, информатика мен химияның арнайы ұйымдастырылған олимпиадаларынан ғана кем түседі. Халықаралық деңгейдегі додада алыс-жақын шетелдердегі арнайы мамандандырылған мектептердің шәкірттері өз білімдерін бәсекеге салады. Осы арқылы жекелеген оқушылар мен мектептердің рейтингісі түзіледі. Биыл да халықаралық олимпиада физика пәні бойынша теориялық және эксперименталдық кезеңнен тұрды. Яғни, бірінші кезеңде қатысушыларға теориялық тапсырма, ал екінші кезеңде бір немесе екі эксперименталдық есептер ұсынылды. Ал, информатика мен математика пәндері бойынша оқушылар екі кезеңде де теориялық есептер шағарады.

Сарапшылардың пікірінше, олимпиада сұрақтары былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда күрделірек болды. Сондықтан білім додасында тек лайықтылар ғана жүлдеге қол жеткізді.

- Жәутіков олимпиадасы биыл жоғары деңгейде өтті. Оның өзге сайыстардан бірқатар ерекшеліктері бар. Бұл еліміздегі халықаралық деңгейде өткізілетін бірден-бір олимпиада. Сонымен қатар әр жылды Жәутіков олимпиадасы бастап береді. Бұдан басқа дүние жүзі бойынша ерте басталатын олимпиада жоқ. Сондай-ақ, бұл сайысты бір ғана мектеп өткізеді. Ол- республикалық физика-математика мектеп-интернаты. Осы арқылы-ақ елімізде ғылым мен білімнің қаншалықты дамығандығын көруге болады,- деп қазылар алқасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев олимпиада жайында пікірін білдірді.

Бәйгеден оза шапқан жеті команда үздік деп танылып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жекелей біріншілік бойынша 38 алтын, 57 күміс және 96 қола медаль өз иелеріне үлестірілді. Командалық сайыста гран-приді мәскеулік мектептер командасы ұтып алды.Бірінші орынға - Болгарияның София қаласынан келген математика гимназиясының командасы ие болды. Екінші орынды - Беларуссия, Минск қаласының мемлекеттік университет жанындағы лицей командасы мен Ресейлік Мәскеу мемлекет орталығы жанындағы арнайы ғылыми оқу орталығы командасы бөліп алды. Үшінші орынды - Ереван мемлекеттік университеті жанындағы А.Шагинян атындағы физика математика мектебі, РФ Челябі командасы және Сербиялық Белград каласынан келген математика гимназиясы командасы еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жалпы 182 медальдің 51-ін қазақстандық қатысушылар қанжығасына байлаған болатын. Оның 20-сы РФММ-нің қоржынына түсті. Қазақстандық жүлдегерлердің барлығы еліміздің жетекші университеттерінің білім гранттарына ие болған болатын.

Олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «РФММ түлектері қоғамдық қорының, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен өтті.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page