top of page
Поиск

Мұғалімдер қағазбастылықтан арылатын болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та: «Мұғалім мен дәрігер қағазбастылықты қойсын. Мұғалім баланы оқытсын, дәрігер ауруды емдесін», – деп қадап айтқан болатын. Бұл мәселеден шығудын жолы - электрондық форматқа көшу екендігін атап өтті Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық отырысында министр Ерлан Сағадиев. Министрдің айтуынша, электрондық есеп беруге көшуді тежеп тұрған ұстаздардың өздері - олардың басым көпшілігі қаржылық тексерулерден қорқады.

Ұстаздарға бұл қайта ыңғайлы болады. Мен көптеген мұғалімдер және мектеп директорларымен сөйлестім. Олардың барлығы бірауыздан «Біз қағаз журнал жүргіземіз, өйткені тексеруден қорқамыз» дейді, -деп министр мәселенің мәнісін ашып айтты.

Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жоғарыдағы жағдаймен бас прокурор, қаржы министрі мен премьер-министр таныс. Сондықтан, оның айтуынша, министрлік басқа органдармен бiрлесiп, ұстаз еңбегiн осы мақсатта пайдалануға тыйым салатын бiрқатар бұйрық пен қаулы шығармақ.

Қаржылық тексерушінің қағаз жүзіндегі есеп талап етпеуіне осы жеткілікіті болады.

Министрлік басшысы тәртіп бұзылып, қаржылық тексеруші есепті қағаз жүзінде талап еткен жағдайда, бұл мәселе қаржы министрілігінің бақылауына алынады деп сендірді.

Сондай-ақ, кеңейтілген отырыс барысында министр ұстаздарды қуантатын тағы бір мәселенің шетін шығарды.

- Ұстаздарды өзiнiң қызметiнен басқа шаруаларға мiндеттеуге тыйым салынады.Бұл үлкен міндет, алайды біз осы үшін күресуіміз керек. Сараптамалар жинау, үйді-үйді аралау-олардың ісі емес. Бұл мәселені өзге ведосмтволармен талықылап жатырмыз, ұстаздар еңбегін статистикалық сараптамалар жинауға, жол жүру билеттерін таратуға пайдалануға тыйым салынатын болады, -деп атап өтті Ерлан Сағадиев.

Биылғы жылы жоғары білім беру жүйесіндегі білім беру гранттарының саны да көбейеді.

- Гранттар санын бакалаврлар үшін 31 мыңнан 36 мыңға дейін, магистранттар санын 7 мыңнан 10 мыңға дейін, докторанттар санын 600-ден 1000-ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Дегенмен, өңір әкімдерінен өңір ерекшелігіне сүйене отырып, жергілікті оқу орындарында оқу үшін өз гранттарын бөлуді сұраймыз, – деді министр.

Осы ретте министрдің айтуы бойынша, еліміздегі жұмысқа қабілетті халық санын көбейту үшін шаралар қабылдау қажет.

«АҚШ, Қытай, Ресей және көптеген басқа да елдер жоғары білімі бар халық үлесі 50% жетуі тиіс болатын бағдарламаларды қабылдады. Қазақстанда бүгінде ол 36% құрайды, 50% жету үшін бізге тағы бір миллион адам қажет», – деп атап өтті Е.Сағадиев.

bottom of page