top of page
Поиск

Үндістандық студенттердің Семей мемлекеттік университетінен алған дипломдары жарамсыз болып қалды


Шығыс Қазақстан облысындағы Семей медициналық университетін тәмамдаған бір топ үндістандық түлек өз елдерінде мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүр. Оған дипломда жіберілген орфографиялық қате себеп.

Жоғары оқу орнын тәмамдаған 79 түлектің дипломдағы аты-жөндері дұрыс жазылмаған. Яғни білдей бір университет осындай салғыртыққа жол беріп отыр.

«Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалы Саяси кеңес бюросының отырысында облыс басшысы Даниал Ахметов бұл мәселені қатаң сынға алып, аталмыш университет ректоры Ерсін Жүнісовке сөгіс берді.

– Университет қызметкерлерінің жауапсыздығынан шетелдік жастар шарасыз күйге түсіп отыр. Енді олардың не істейтінін аңдып отырудың қажеті жоқ. Дереу іске көшіп, олқылықтың орнын толтырыңдар. Қажет болса, түлектерді қайта шақырып алып, дипломдарын түзетіп, қолдарына беріңдер, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Осы мәселеге қатысты құрылған арнайы комиссия шетелдік студенттердің ағылшын тілінде аты-жөндері жеке куәліктен көшіріліп жазылса, қазақ және орыс тілінде журналдан, естілуі бойынша жазылғандығын анықтаған. Облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышовтың айтуынша,университет жаңа диплом бергенімен бекіту мерзімі өтіп кеткендіктен Үндістанда оны ресмилендіру қиынға соғады.

bottom of page