top of page
Поиск

Өскеменде шетелдік үлгідегі жатақхана ашылды


Шығыс Қазақстан облысы [endif]Өскемен қаласында үш тілде білім беретін оқу орны - Қазақстан-Американдық еркін университетінде бірінші рет жатақхана ашылды.

Жатақхана шетелдік үлгімен салынған. Студенттердің тамақтанатын орыны жатын бөлмесінен бөлек. Сондай-ақ ғимарат ішінде үлкен спорт залы да бар. Оқу орынның басшысы Ережеп Мәмбетқазиевтің айтуынша, мұнда 100-ден астам орын бар.

[endif]- Студент үйінде шетелдік білім алушылармен қатар жергілікті жастар да тұрады. Жергілікті студенттерге жағдайына және оқу үлгеріміне қарай орын береміз. Жеке меншік оқу орыны болған соң, барлығын қамтуға мүмкіншілігіміз жетіңкіремейді, - дейді Ережеп Мәмбетқазиев.

Студент үйінің лентасын қала әкімі Жақсылық Омар мен Америкадан арнайы келген «Co-Serve International» қорының президенті, ҚАЕУ-дың халықаралық қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен кесті.

Айта кету керек, аталмыш оқу орынының ашылғанына биыл 25 жыл толды.

[endif]- Жаңа жатақханадан бізге де бір бөлме бұйырды. Іші әдемі, барлық жиһаз жаңа! Біз мұндағы шетелдік студенттермен дос болып кеттік. Оларға қаланы аралатып, қажетті кезінде аудармашы боламыз, - дейді білім ошағының шет тілі мамандығының студенттері Әйгерім Жайлауханова мен Саида Әбдукәрім.

bottom of page