top of page
Поиск

"Дипломмен ауылға" негізінен қыздар барады екен

Биыл бағдарламаның қолға алынғанына 10 жыл толып отыр. Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовтың айтуынша, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қолға алынғалы бері жобаға 60 мыңнан астам адам қатысқан.

Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовтың айтуынша,

мемлекеттік бағдарлама ауылға жұмыс істеуге баратын мамандар санын айтарлықтай көбейткен. Мәселен, жоба қолға алынғанға дейін ауылға жыл сайын шамамен 3 мың маман келсе, «Дипломмен – ауылға!» басталғалы бері аталған көрсеткіш 6 мыңға дейін ұлғайған.

Атап өтерлігі, «Дипломмен – ауылға!» баратындардың дені, яғни 74 пайызы әйелдер екен. Сонымен қатар бағдарлама қатысушыларының 70 пайызы жас мамандар екенін де еске сала кеткен жөн.

«Жоба қатысушылары бетпе-бет келетін негізгі қиындық – бюджеттен бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі. Қазіргі уақытта бюджеттен бөлінетін қаржы өңірлердің мамандарға деген қажеттілігінің 70-75 пайызын ғана өтеп отыр. Сол себепті әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қатысушылар арасында кезек қалыптасуда», – дейді Ермек Алпысов.

Еске сала кетейік, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына білім, әлеуметтік қамту, денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандықтарын игерген жоғары оқу орындарының түлектері қатыса алады. Қатысушыларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 252 500 теңге көтермеақы беріледі.Сонымен қатар баспана алу үшін бюджеттік кредитке қол жеткізуге мүмкіндік бар. Кредиттің көлемі 1500 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 3 787 500 теңгеден аспауы керек. Жоба қатысушыларына қойылатын бір ғана талап бар. Жоғары оқу орнын тәмамдағаны туралы диплом ғана болса жеткілікті. Жобасы қатысушылары ауылда кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті

bottom of page