top of page
Поиск

Ғалым Мұтанов тағы бір қызметке тағайындалды

Испанияның Барселона қаласында өткен ассамблеяда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов бірауыздан қауымдастықтың басшысы болып сайланды. Бұл туралы елімізде алғаш рет өткен «QS Worldwide» форумында мәлім болды.

«UNION» халықаралық университеттер ассоциациясы («Universities Open Network») 35 елдің 100-ден астам жетекші университет мүше ғаламдық желі. Ұйым президенті конкурстық негізде сайланатындығын атап өткен жөн.

-Біз Ғалым Мұтановты белгілі ғалым, тиімді менеджер және жоғары білім саласындағы жаңашыл тұлға ретінде танимыз. Ол басқаратын ұлттық университет үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі үздік оқу орындарының біріне айналды. Ассамблеяны басқара отырып, оның қызметіне және мақсаттарына қол жеткізуде үлкен үлес қосатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Барселона жоғары менеджмент мектебінің директоры Татьяна Компаниец,