Поиск

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды


Президент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен, жоғары оқу орнының цифрлық технологияны енгізу жөніндегі жетістіктерімен, сондай-ақ, бизнес-құзыреттілікті дамыту кластерімен танысты.

Мемлекет басшысы студенттік кампус аумағында орналасқан «Керемет» қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша студенттер мен оқытушыларға 500-ден астам қызмет түрлерін ұсынады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі: «Хабар 24»