Интернеті жоқ ауылдарға «Kundelik.kz» бағдарламасы қажет пе?

Әлде ұстаздар желі ұстайтын жерлерді іздеумен жүре ме?
Ал оқушылардың білімін бағалау жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер қаншалықты тиімді? Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, ескі жүйенің кемшілігі мен артықшылығы жан-жақты талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жаңа өзгерістерге қарсы шыққандардың бары ескеріліп, ата-аналар мен мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ал электронды бағалау туралы айтсақ. Ғаламторға қосылмаған ауыл мектептерінде электронды журнал міндетті емес. Ескі әдіспен баға қоя беріледі, деді вице-министр. Жалпы электронды жүйені дамыту жұмыстары әрі қарай жалғасады. Себебі ұстаздар үшін өте қолайлы, дейді. Ата-аналар электронды журналды көріп отырады. Және бағаны өзгертуге болмайды.
Айта кетейік, қазір еліміздегі барлық мектеп алғашқы тоқсанды аяқтап, қортындысын шығарды.
Шолпан Каринова, ҚР білім және ғылым вице-министрі:
– Екі жүйені салыстыратын болсақ, бұрыңғы бағалау жүйесінде әр оқушының сабақтағы жетістігі, бағалауы бір-бірімен салыстыру арқылы қойылатын болса. Бүгінгі күнгі жаңа критериальді бағалау жүйесінде белгіленген нақты тақырып бойынша, нақты бағдарлама бойынша оқушының критерилері анықталып, оқушының қаншалықты жеткізгендігін бақылайтын осындай айырмашылығы бар.