top of page
Поиск

Тест тапсырмалары мен жауаптарын сататын алаяқтар туралы ақпарат үшін сыйақы жарияланды


Ұлттық тестілеу орталығы алаяқтарға сыйақы жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.


«Ұлттық біліктілік тестілеудің тест тапсырмалары мен олардың дұрыс жауаптарының сатылуы туралы кез келген дәйекті ақпарат үшін 50 000 тыңге сыйақы беріледі.


Достар, педагог қызметкерлердің тест тапсыруына көмектесуді ұсынатын алаяқтар пайда болды. Тест тапсыруға бөгде адамның көмектесуі мүмкін емес. Сондықтан алаяқтардан сақтанып, мұндай фактілердің орын алуы туралы ақпаратты бізге хабарлауды сұраймын», - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.


Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page