top of page
Поиск

Елордалық лицей-интернат оқушылары Бразилиядан жүлдемен оралды


Елордадағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 оқушысы «МосТратек» халықаралық олимпиадасынан жүлделі оралды. Жалпы пәндер бойынша халықаралық сайыс биыл Бразилияның Нову-Амбургу қаласында өтті. Олимпиадаға 44 елден 500-ден жасөспірім қатысқан. Лицей-интернаттың оқушылары математика, биология, информатика және физика пәндері бойынша 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль иеленіп қайтты.


Яғни аталған білім ордасынан аттанған он бір ұлдың бәрі де елге олжалы келді.


Гүлнар Рахимова, «Білім-инновация» лицей-интернаты директорының орынбасары: - Бұл олимпиада төл олимпиада болып кеткен десек те болады. Өйткені бұған біз 15 жыл қатарынан қатысып келеміз. Әрине мұндай жүлделі орындар еңбектің, ізденістің арқасы.

Әділет Рахмет, «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы: - Өз жобамды қорғап, алтын орынмен оралдым. Өзіміздің жобамызды ағылшын тілінде қорғадық. Менің жобам шөлді мекендер мен ауадағы карбонның массасы болып саналады. Және де осы жоба арқылы біз Қазақстан мен бүкіл елдердің экономикасы мен географиялық жағдайын жақсартуға болады.


Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page