top of page
Поиск

Еліміздің мамандары әзербайжан тілінде телефонға арналған ойын шығарды


Қазақстандық мамандар әзербайжан тілінде ұялы телефондар үшін ойын жасап шығарды. Балаларға арналған қосымша «Ай-Кью ушаг», яғни қазақшаға аударғанда ,«Ай-Кью балдырған» деп аталады. Алғашында бұл ойын Қазақстанда тұратын әзербайжан балалары үшін шығарылған болатын. Кейін Әзербайжанның өзіне де жетіп, жергілікті халықтың көңілінен шыққан екен.


Онлайн дүкендерде әзербайжан тіліндегі үйретуші ойындар көп емес. Сол себептен «IQ ушаг» балалар мен олардың ата-аналарын қызықтырған.

Мехрибан Нагиева, жазушы:

- Әу бастан балаларымызды жаман әдеттен сақтауымыз керек. Оларды әдебиетке, ой-санасын дамытатын ойындарға қызықтырып, осы мақсатымызға жете аламыз. Бұл бағдарлама туралы жақында білдім. Ол балалардың ой өрісін дамытады.


Қазір балалардың көбісі смартфонға құмар, сәйкесінше өз бетімен интернеттен жүздеген ойын табады. Алайда олардың біразында зиянды контент бар.

Мамедова Фахрия, Баку тұрғыны:

- Қанша тырысқанымызбен балаларды смартфондар мен планшеттерден аулақ ұстай алмаймыз. Осындай ұялы қосымшалар көбірек болса, алаңдамас едік. Бұл бағдарлама туралы танысымнан естідім. Алдымен өз телефоныма орнатып, оның оңай әрі қызық қосымша екенін көрдім. Онда балалар тез ұғатын қарапайым сөздер мен суреттер қолданылады.


Дүниені жаңа ғана тани бастаған балдырғандарға арналған бұл бағдарлама тегін. Суреттерді басып, олар оның атауын естіп, сөздерді дұрыс айтуға үйренеді.

Ақпарат көзі: «Хабар 24»

bottom of page