top of page
Поиск

Қазақстандық он спортшы Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясын иеленді



Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық қысқы спорт түрлеріндегі Халықаралық федерациялармен бірлесе отырып, он қазақстандық спортшыға 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында арнайы стипендия бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.


Стипендиаттар тізіміне мына спортшылар кіреді: Юлия Галышева (фристайл-могул), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру спорты), Жанбота Алдабергенова (шаңғы акробатикасы), Ақмаржан Қалмұрзаева (шаңғы акробатикасы), Павел Колмаков (фристайл-могул), Абзал Әжіғалиев (шорт-трек), Роман Креч (конькимен жүгіру), Дмитрий Рейхерд (фристайл-могул) және Сергей Ткаченко (шаңғымен тұғырдан секіру).


ХОК талабы бойынша, әр елдегі ҰОК-терге бөлінетін стипендия көлемі өткен ойындарға қатысқан спортшылар арасында гендердік теңдіктің сақталуына байланысты. Сондай-ақ, үміткерлерді іріктеу барысында олардың рейтингі мен спорттағы жетістіктері де қаралды. Стипендияны ХОК 2019 жылдың соңынан бастап төлейді.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page