top of page
Поиск

Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатаң шаралар қабылдануы тиіс – Тоқаев


Дипломды басып шығарып, тарата беретін конторға айналған жекеменшік жоғары оқу орындарына ең қатаң шаралар қабылдануы тиіс.

Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Тағы бір маңызды міндет білім сапасын және қолжетімділігін арттыру болып отыр. «Атамекен» ҰКП деректеріне сәйкес, бүгінде ЖОО түлектерінің шамамен 60 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Бұл біздің білімнің сапасын білдіреді. Жастар оқып жүріп әсіресе өзінің бейініне тән емес салада жұмыс істейтіндігін білеміз. Ақша табу – бұл жақсы. Бірақ, мүмкіндігінше өзінің мамандығы бойынша ақша тапқан жөн. Соған сай олардың оқуы мен еңбек қызметі параллель әлемде дамиды», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті бұл цифрлық дағдыларды тарату технологияларының қарқынды дамуына байланысты жастардың қашықтан білім алуға деген сұранысының артып отырғандығын білдіретіндігін айтты.

«Біз ашық университет құру жұмыстарын жалғастыруға тиіспіз. Елбасының әрбір өңірде тым болмағанда бір мықты жоғары оқу орны мен жоғары деңгейдегі 2 колледж ашу идеясы көптеген проблеманы шешеді. Жастарға үйінен алыстан мәртебелі оқу орнын іздеп көшіп-қону қажетсіз болып қалады. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларын қолданатын жерді сөзсіз таба алады. Бұған қоса, Үкімет жоғары оқу орындарына, оның ішінде дипломдарды басып шығарып, тарата беретін конторға айналған жекеменшік ЖОО-ларға қатысты ең қатал шараларды қабылдауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы категория бойынша: « Қ.Тоқаев студенттік шәкіртақыны көтеруге тапсырма берді Отандық ЖОО рейтингі жарияланды » Ақпарат көзі: 24.kz

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page