top of page
Поиск

Президенттік жастар кадрлық резерві: кандидаттардың көшбасшылық қабілетіне мән берілді


Іріктелген кадрлардың Президент үмітін ақтауына мүмкіндіктері мол.

Сарапшылардың пікірі осыған саяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі түрлі сыннан өткен жастар жан-жақты әрі көшбасшылық қабілетке ие.

Ақерке Берлібай, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы:

– Байқау жарияланған кезде 13 мыңнан астам адам өтінім берген. 7312 адам толық тіркеліп, бірінші кезеңге өтті. Міне, осы жастар жобаға не мақсатпен қатысып жатқанын, жобадан не күтетінін анық білді. Олардың жартысынан көбі – шетелде білім алған білікті жастар. Іріктеуден өткен 300 адамның 96-сы ғана – мемлекеттік қызметшілер. Көбі жеке сектордан қатысушылар. Бұл талантты жастар елдің болашағына үлес қосатынына сенімдімін.


Бекжан Садықов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері:

– Президенттік жастар кадрлық резерві – мемлекеттік қызмет саласы бойынша қолға алынған іргелі саясаттың маңызды бөлігі. Осы орайда айта кетерлігі, жастар бұл жобаға тек мансапқа жету мүмкіндігі деп емес, керісінше, елге пайдалы ойларды іске асырудың мүмкіндігі деп қараған жөн. Бұл туралы Президентіміз де айтқан болатын.


Жанна Кәрімова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

– Кандидаттардың көшбасшылық қабілетіне мән берілді. Сонымен қатар ой ұшқырлығы мен басқарушылық қырынан да сыналды. Жобаға қатысқан жастарға бірдей жағдай жасалды. Олардың арасында түрлі ұлт өкілдері бар. Соңғы кезеңнен сүрінбей өткен 300 қатысушының болашағы жарқын, себебі олар талантты, өте ақылды, білікті мамандар.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page