«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы бекітілді

Елімізде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты мемлекеттік награданың жаңа түрі белгіленді.
Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтты.
«Бұл награда 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолдық төлем жасауды көздейді», - деп мәлімдеді Б.Асылова.
Ақпарат көзі: 24.kz