Әзербайжан Республикасы қазақстандықтарға 2020-2021 оқу жылында сол елдің жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға гранттар ұсынады.
Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі 2020-2021 жаңа оқу жылы аясында Әзербайжан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің азаматтарына арналған оқыту граттарына іріктеу жарияланғанын хабарлады.
Ұйым құрамындағы әр елге квота 2 орыннан (1 негізгі, 1 қосалқы) үлестіріледі. Оқыту гранттары оқуға арналған стипендия, әуе қатынасы (жылына бір рет), жатын орын, медициналық сақтандыру және тіркелу шығындарын қамтиды.
Құжаттар қабылдау 2020 жылдың 15 ақпанына дейін жүргізіледі.
Толық ақпаратты mfa.gov.az сайтынан білуге болады.
Ақпарат көзі: 24.kz