top of page
Поиск

Елімізде 15 шақты университет жабылуы мүмкін



Елімізде 15 шақты университет жабылуы мүмкін. Себебі – бірінде студент аз, бірінде білім сапасыз, деп хабарлайды «Хабар 24».


Тіпті, кей оқу мекемелерінде студенттердің 50 проценті аккредиттеуден өтпеген. Сайып келгенде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері төмен. Осыған орай оңтайландыру жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды.


Айта кетерлігі, университеттер жұмысын тоқтатқанмен, студенттердің саны қысқармайды. Қазір тек сапасыз жоғары оқу орындарын жабу бойынша ұсыныстар қаралып жатыр.


Рахман Алшанов, жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:

– Қазір 10-15 деген саны қысқаруы мүмкін. Саны жағынан. Екіншіден, университеттердің атағы қысқаруы мүмкін. Мысалы, Алматыда көлік саласындағы университет бар. Жас университет. Жеке меншік. 9 корпус бар дегендей. Бірақ университеттің мамандары жоқ. Сала бойынша ол академия болуы мүмкін.

bottom of page