ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша бүгін елордадағы мектептердің бірқатарына ұлт зиялыларының есімдері берілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Құжат 6 ақпан күні жарияланған.
1) №10 мектеп-гимназияға Жұмабек Тәшеневтің есімі;
2) №48 мектеп-лицейіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;
3) №52 мектеп-гимназиясына Бейімбет Майлиннің есімі;
4) №56 мектеп-лицейіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі;
5) №57 орта мектепке Мәшһүр Жүсіптің есімі;
6) №58 мектеп-гимназиясына Ілияс Жансүгіровтің есімі;
7) №68 мектеп-гимназиясына Міржақып Дулатұлының есімі;
8) №76 мектеп-лицейіне Әлихан Бөкейханның есімі;
9) №80 мектеп-гимназиясына Сәкен Сейфулиннің есімі;
10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілді.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін №66 мектеп-лицейіне Дінмұхамбет Қонаевтың есімін беру ұсынылған еді.