top of page

Нұрымбетов: Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуіміз қажет


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Былтыр мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жан-жақты жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы мәселеге қатысты екі министрлік көптеген жұмыс атқарып жатыр. Оның бірі – еліміздегі ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру шараларының аясында жұмыстар жасалуда», - деді кеңесті ашқан Біржан Нұрымбетов.


Оның айтуынша, ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру бағытында қажетті шаралар белгіленген. Олардың қатарында барлық сала бойынша салалық біліктілік аясын, кәсіптік стандарттарды бекіту бар.


«Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе - болашақ түлектің еңбек нарықта сұранысқа ие болуы. Бұл ретте еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде кадлар даярлау жүйесін құру басымдыққа ие болып отыр. Біздің Білім министрлігімен ортақ міндетіміз - білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеу және кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін іске асыру», - деді министр.


Кеңес барысында кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру және әзірлеу алгоритмдері талқыланды. Шара соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстволардың талқыланған бағытта одан ары ынтымақтастығын реттейтін меморандумға қол қойды.

Comments


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page