top of page
Поиск

Асхат Аймағамбетов: Ғылым саласын бюрократиядан тазарту керек


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылым саласындағы бюрократия көптеген кедергіге жағдай жасайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ғылым саласында бюрократиялық сипаттағы әртүрлі процедураны біз реттеуіміз керек. Мәселен бір жас ғалым грант ұтып алып, біл өзекті проблеманы зерттегісі келді делік. Әу баста ол мәселен Павлодар немесе Шымкент қаласын зерттеу нысаны ретінде таңдауы мүмкін. Алайда ол тақырыпты өзгертпей, халық саны мен құрылымы Павлодар немесе Шымкентке ұқсас басқа қаланы таңдау туралы қайта өтініш жолдауы ықтимал. Алайда ол үшін ғалым қайтадан күрделі процедуралардан, мақұлдаулардан өтуі тиіс. Біз осы процедуралармен әртүрлі инсинуацияларға жол береміз», - деді Асхат Аймағамбетов университет басшыларымен өткізген онлайн режимдегі жиында.


Министрдің айтуынша бүгіннің өзінде Білім және ғылым министрлігі кезектен тыс 2 конкурс жариялаған.


«Ғылыми гранттар бойынша жалпы сомасы 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл Мемлекет басшысының ғылымды қолдау тапсырмасы шеңберінде іске асырылып отыр. Сондықтан биылдың өзінде бірнеше ғылыми конкурс болады. Қазір ғылым саласын қаржыландыруға үлкен көңіл бөлінуде», - деді ол.


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page