top of page
Поиск

Жоғары оқу орнының оқытушылары артық қағаз жүктемеден арылады - Білім министрлігі



Мектеп басшысы мен басшының орынбасарлары толтыратын маңызды құжаттардың да нақты тізімі белгіленді, артық құжаттың еш қажеті жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов өзінің facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Колледж педагогтері толтыратын құжаттар тізімі де бекітілді. Олар жылдың басында жұмыс істеуге арналған оқу бағдарламасын құрып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасайды, ал күн сайын сабақ жоспарын әзірлейді, теориялық, өндірістік оқыту және жеке сабақтарды есепке алу журналдарын толтырады.

Егер педагог куратордың қызметін атқарса, тағы бір құжат қосылады.

Шамадан тыс есеп беру көрсеткішін түбегейлі азайтуға қатысты нақты жұмыстар мектепке дейінгі және жоғары білім беру деңгейлері бойынша да жүргізіліп жатыр. Жоғары оқу орындарының оқытушылары да қажетсіз қағаз жүктемесінен арылады. Қазіргі уақытта БҒМ тарапынан нормативтік құжаттарда көрсетілген бақылаудың жүргізілуіне қатысты толтырылатын құжаттар тізімі қайта қаралып жатыр. Басым бөлігін алып тастау туралы шешім қабылданды. Мәселен, кафедраның жұмыс жоспары, комиссияның хаттамасы, қызметтік оқу жоспары сынды құжаттар бізге қажет емес», - деді министр.


Еске салсақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов педагогтердің шамадан тыс есеп беру мәселесін түбегейлі шешуді егжей-тегжейлі түсіндірген болатын.

bottom of page