top of page
Поиск

Жаңа оқу жылы мектеп қабырғасында басталады деп үміттенеміз – Асхат Аймағамбетов



Білім саласын цифрландыру, қашықтан окытуды жетілдіруге қатысты Президент міндеттеген тапсырмалар орындалады.


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Күні кеше мемлекеттік комиссия отырысы кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласына қатысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясындағы жұмыстар басталды. Оқу жылы 25 мамырға дейін қашықтан оқу форматында болады. Білім бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, цифрландыру мәселесі, қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру және тағы да басқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Министр жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталатынына үміт білдірді.


«Жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталады деп сенеміз. Жаз айларында да министрлік білім басқармаларымен қоса жұмыстар жүргізетін болады. Қандай жағдай болса да төтеп беретіндей барлық жұмыстарды жүргізуіміз қажет. Мектепті балаларымыз да сағынды, ата-аналар да соны қалайды. Педагогтар де мектепте сабақ беруді асыға күтіп жүр. Біз, әрине, сондай жақсылыққа сеніп, дайын болуымыз керек. Келесі оқу жылын дәстүрлі түрде бастасақ деген жоспар бар. Дегенмен осындай жағдай қайталанбайтын сияқты болмау керек. Веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек», - дейді ол.

bottom of page