top of page
Поиск

Министр Аягөздегі оқиғаға қатысты: Тиісті шара қабылданады


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы арнайы әлеуметтік орталық пен балалар үйінің бәрі кешенді тексерістен өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Балалардың құқығын қорғау бойынша республикалық комиссия отырысында біраз мәселе айтылды. Нақты Аягөзде болған мәселеге қатысты мәселелерді көтердік. Бірақ соған қарамастан біздің ақпаратымызға сәйкес, біраз өңірде әртүрлі келеңсіз жағдай әлі де жалғасуда. Мұндайға енді тағы жол бермеу керек. Өңірлердегі балалардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиялардың жұмысының тиімділігі өте төмен. Бұл мәселеге көңіл аудару керек. Комиссия отырысында қабылданған шешімге сәйкес республикадағы балалар үйіне, әлеуметтік орталықтарға, басқа да ұйымдарға үлкен кешенді тексеріс өткізетін боламыз. Соның нәтижесінде тиісті шара қабылданады», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.


Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығында 4 баланың қайтыс болғандығы хабарланды.


ҚР Ішкі істер министрлігі істің тергелуін өз бақылауына алды. Осы оқиғадан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің әр өңірінде орналасқан медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 113 мекемеге тексеру жүргізілетінін мәлім етті. Оның ішінде Аягөздегі балаларға арналған арнайы әлеуметтік көмек орталығы бар. Ал ведомствоаралық комиссия отырысында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова арнайы әлеуметтік көмек орталығында көптеген кемшілікті атаған еді.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page