top of page
Поиск

ҰБТ-ның бейнежазбаларына 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі


Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде бақылау күшейтіледі. Егер ҰБТ тапсыратын ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар, смартфондар, жазба қағаздар, құлаққаптар және т.б. анықталса, тестіленуші емтиханға жіберілмейді.


Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.


«Кез келген адам ҰБТ-ның өту барасын көре алады. Көрсетілім сілтемесі ҰБТ жақындағанда жарияланады. Әр аудиторияда бейнебақылау орнатылады және барлық жазбаға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларын бұзу анықталса (көшіру, қағаз жазбалар қолдану және т.б.), тестілеу нәтижелері жойылады, сондай-ақ грант нәтижесі де жойылады», - деді.


Сонымен қатар ҰБТ өткізу барысында бақылауды қамтамасыз ететін өкілдермен үшжақты келісімдер жасалады. Бақылау тек тестіленушілерге ғана емес, сонымен қатар бақылаушыларға да жүргізіледі.


Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page