top of page
Поиск

Асхат Аймағамбетов Үкіметтен әр облыстан программалау мектебін ашып беруді сұрады



Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметтен әр облыста программалау мектептерін ашып беруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қосымша білім деңгейі бойынша айтып өтсем: Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті ашылды. Сабақтан тыс үйірмелерде балалар робот программалауды, 3D-printing оқып үйренуде. Дегенмен бұларды әлі жеткіліксіз деп есептеймін. «Алем», «Квант» секілді алдыңғы қатарлы мектептердің үлгісі бойынша арнайы программалау мектептерін әр облыста ашу бойынша әкімдерге тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Асқар Маминнің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі.


Сонымен бірге министр педагогтер де IT сауатын арттыру курстарынан өтетінін мәлім етті. Оның айтуынша, IT пәнінен сабақ беретін ұстаздардың робот техникасы мен программалауды меңгеруі маңызды.

bottom of page