top of page
Поиск

Биыл магистратураға қабылдау емтиханы қалай өтеді



Білім және ғылым министрлігі магистратураға түсетін үміткерлерге арналған ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Ведомствоның мәліметінше, магистратураға оқуға түсу үшін құжат қабылдау 19 шілдеде аяқталған. Биыл 38 мыңнан астам адам кешенді тестілеу тапсыруға ниет білдірді.


2019 жылы магистратураға түсуге тілек білдірушілер саны 30 579 болған еді.


13 300 азамат магистратурада еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша мемлекет қаражаты есебінен оқи алады.


Ал кешенді тестілеу 17 тамызда басталады. Кешенді тестілеу компьютерлік форматта болады.


Әр қатысушы үшін тестілеу дербес өтеді. Тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жіберіп, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады.


Тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде аппеляцияға тапсыруға болады.


Тестілеу уақыты - 3 сағат 55 минут, тапсырмалар саны - 130 болады. Тестілеуден өту уақыты мен орны туралы ақпарат Сіздің жеке кабинетіңізге жіберіледі (ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының сайтында).

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page