Мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Еске салсақ, 2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға - 53 864 грант бөлінді.
ҰБТ еліміз бойынша 21 маусым мен 1 шілде аралығында өткізілді. Оған рекордтық көлемде – 131 754 өтініш тіркелсе, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы – биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12% төмен болғанын атап өткен жөн.
ҰБТ қорытындысы бойынша, тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1% тестілеуге қатысты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 94% құраған болатын. Шекті балды 82 154 талапкер жинады, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады, мұнда 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ (65,5 балл).