Педагог құқығын бұзған білім саласының 30-ға жуық басшысы жазаланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мұғалім күнделікті 2 құжатты ғана толтыруы тиіс. Қалған құжаттардың барлығынан әріптестерімізді босаттық. Бұл бұйрықты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ережені бұзған басшыларды немесе өзге де лауазымды тұлғаларды қатаң жазалайтын боламыз. Қысқа ғана уақыттың ішінде шамамен 30 басшыны жазалап, оларды әкімшілік немесе тәртіптік жазаға тарттық», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.
Сонымен қатар министр мұғалімнің құқығын бұзған ата-аналардың да жауапқа тартылатындығын ескертті.
«Бұл жұмыстардың барлығы да жалғасатын болады», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.