top of page

Жыл соңына дейін 24 жоғары оқу орны тексеріледі – Аймағамбетов



Жыл соңына дейін 24 жоғары оқу орны тексеріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Диплом басып шығаратын университеттер қатаң шаралар қолдану туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Біз осы тапсырманың аясында қазірдің өзінде 5 жоғары оқу орнын азайттық. Онда 35 мың студент білім алған. 23 жоғары оқу орны 56 бағыт бойынша лицензиясын қайтарды»,- деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның атап өтуінше, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.


«Жыл соңына дейін 24 жоғары оқу орнын тексеріп, тиісті шара қолданамыз. Талаптарды күшейттік. Тексеріс жүргізіліп жатыр», - деді Асхат Аймағамбетов.


Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы тарапынан ғылым саласына да қатысты маңызды тапсырмалар болғанын айтты.


«Айталық, ғылыми-технологиялық дамыту бойынша арнайы бағдарламалық құжат қабылдау көптен бері ғалымдарымыздың көкейінде жүрген мәселенің бірі болатын. Бұл мәселе де шешімін табады. Оны барлық сарапшылармен, ғалымдармен бірлесіп шешетін боламыз. 500 ғалымға тағлымдамадан өтуге мүмкіндік жасап, 1 мың жас ғалымға зерттеу жүргізуге гранттар береміз», - деді ол.

Comments


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page