top of page

Білім министрі: Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектер саны артып келеді



Елімізде мектеп бітірген түлектердің арасында педагогика мамандығын таңдаушы түлектердің саны артқан. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылданды. Заңға қатысты сын пікірлер де көп болды. Дегенмен заң аясындағы жұмыстар басталып кетті. Атап айтсақ, биылғы ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) нәтижесінде педагогика мамандығын таңдаған түлектердің саны артып отыр. Сол сияқты педагог мамандықтары бойынша ҰБТ нәтижесінің орташа көрсеткіші өсті. Бұған дейін педагог мамандықтарына 50 балмен түсу мүмкін болса, биыл ол көрсеткіш 70 балды құрап отыр. Сондай-ақ, мектепті Алтын белгімен бітіріп, ұстаздық мамандықты таңдаған түлектердің де үлесі 2 есеге өсті. Бұл дегеніміз педагогика мамандығына деген қызығушылық пен сұраныстың барын көрсетеді», - деді Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу барысында.


Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті.

Comments


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page