top of page

Коронавирус мұғалімдердің рөлі мен маңызын айқындап берді – Асхат Аймағамбетов


«Біліктілігі жоғары, беделі мықты, қоғамда құрметке бөленген мұғалімдерсіз мемлекеттің жарқын болашағын елестету қиын. Себебі экономиканың, мәдениет пен тұтастай қоғамның дамуы сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесіне тікелей байланысты. Ұстаз болу – жүректің таңдауы, жанның қалауы. Бұл жұмыс асқан жанкештілік, зор шыдамдылық пен балаларға деген махаббатты талап етеді.Еліміздің бетке ұстар азаматтарын тәрбиелеп, жауапкершілігі мол және абыройлы міндетті атқарып жүрсіздер. Оқушыларыңыздың жеңістеріне қуанып, сәтсіздіктеріне бірге қынжыласыздар, қиналған шақтарында қолдау көрсетесіздер», - деп жазды министр facebook парақшасына.


Министр әр ұстаздың еліміздің дамуына қосып отырған үлесін мемлекеттің аса жоғары бағалайтынын жеткізді. Оның бірден бір дәлелі – «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы.


«Осы Заңның қабылдануы, шын мәнінде, еліміз үшін аса маңызды болды, сондықтан Мемлекет басшысының ұстаздар қауымына көрсеткен қолдауы үшін алғысымыз шексіз. Заңда мұғалімдердің тек әлеуметтік кепілдіктері ғана емес, сонымен қатар құқықтары мен міндеттері де ресми түрде бекітілген. Бүгінгі таңда ұстаздар қауымы артық есептілік пен қызметіне жатпайтын функциялардан заң жүзінде босатылды. Заңдағы нормалардың мүлтіксіз іске асырылуы қамтамасыз етілуі тиіс», - дейді А. Аймағамбетов.


Сондай-ақ мұғалімдердің жалақысы да айтарлықтай артты. Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін төленетін қосымша ақының мөлшері екі есе өсті.


«Педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін төленетін қосымша ақы да лауазымдық жалақысының 30-50%-ы мөлшерінде белгіленіп отыр. Магистр дәрежесі бар мұғалімдерге ай сайын 27 мың көлемінде қосымша ақы қарастырылған. Алғаш рет білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарларына да басқарушылық шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30-дан 100 %-ға дейін қосымша ақы бекітілді», - деп түсіндірді министр.


Бұдан бөлек, Заңда мұғалімдердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жүктемелерінің азаюы және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары нақты көрсетілген.


Айта кетейік, Қазан айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтіледі.


Ақпарат көзі: ҚазАқпарат



Comments


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page