top of page
Поиск

2021 жылдың қаңтарынан бастап білім саласын басқару жүйесі өзгереді



2021 жылдың қаңтардан бастап білім саласын басқару жүйесі өзгереді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Өздеріңізге белгілі, 2021 жылдың қаңтардан бастап білім саласын басқару жүйесі өзгеретін болады. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін басқару қызметі облыстық басқармаларға беріледі. Ол үшін «Бюджет» кодексіне, «Білім туралы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарға 27 өзгеріс енгізілді. Заңға сәйкес білім бөлімдерінің мәртебесі сақталады. Бірақ, олар білім басқармаларына қарасты болады және оған есеп береді. Көп жағдайда білім сапасы оның менеджментіне, қаржыландырылуына жұмылдырылған барлық процестердің тиімді өзара іс-қимылына байланысты. Аудандық, қалалық және облыстық білім басқармалары өзара іс-қимылының бүгінгі процесі қоғам тарапынан әділ сынға ұшырап отыр», - деді Бибігүл Асылова ведомствоның аппарат жиналысында.


Оның атап өтуінше, 2019 жылы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша нормативтік институционалды және ұйымдастыру шараларын қабылдады.


«Келесі жылдың басынан бастап қалалық және аудандық білім бөлімдерін қаржыландыруды басқару облыстық деңгейге көшеді. Бұл шаралар облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жергілікті жерлердегі білім беру ұйымдарының проблемалы мәселелеріне қарым-қатынасын айтарлықтай өзгертеді», - деді ол.


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page