top of page
Поиск

Тоқсандық жиынтық бағалау тек электронды түрде сақталады - Майра Мелдебекова



БЖБ мен ТЖБ жұмыстары оқу жылының соңына дейін тек электронды түрде сақталады. Бұл туралы әлеуметтік желіде онлайн талқылау кезінде ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«2020-2021 оқу жылы жалғасуда. Бірінші тоқсан аяқталуға жақындады. Барлық мектептерде жиынтық бағалау жұмыстары бөлім бойынша өтті. Қазір осы оқу жылының бірінші тоқсанын қалай қорытындылаймыз? Жиынтық бағалаудың нәтижесін қалай шығарамыз? Өздеріңіз білесіздер, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың барлығын 15-18 қазан аралығында өткіздіңіздер. Ертеңнен бастап барлық мектептерде тоқсандық бағалау жүйесі басталады», - деді комитет басшысы мұғалімдерге қарата айтқан сөзінде.


Оның сөзіне қарағанда, жалпы білім беру ұйымдарында оқу пәндері күні және уақыты тұрғысында әрбір мектепте өзінің кестесі бойынша жасалады.


«БЖБ мен ТЖБ жұмыстары оқу жылының соңына дейін тек электронды түрде сақталады. Бұл бойынша бізге көп сұрақтар келіп түседі. Біраз мектеп әкімшіліктері осыны қағаз түрінде шығарып, соны сақтап қоюға нұсқау береді екен. Оны істеудің қажеті жоқ. Электронды түрде дайындағаннан кейін, солай ғана сақтап қоясыздар», - деді Майра Мелдебекова.


Бұдан бұрын хабарланғандай, оқу жылының екінші тоқсанында мектепте оқыту форматтары бойынша алдын ала есептеулер жүргізілді. Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн, дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4 010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады.


Естеріңізге сала кетсек, тиісті шешім Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған болатын.


Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page