Ата-аналардың өтінішімен 1-5 сынып аралығындағы кезекші топтың жұмысына рұқсат беріледі. Бұл туралы ведомствоаралық комиссия отырысында мәлім болды. Қазір 2 млн 400 мың оқушы қашықтан оқиды. 953 мыңы білімді мектеп қабырғасынан алып жатыр. Бастауыштың кезекші сыныбына 647 мың өтінім түссе, 3 мыңнан астам шағын жабдықталған мектепке 306 мың оқушы қатынап жүр.
Мектеп жасындағы балалардың жалпы саны ел бойынша 3 млн 400 мың. Ақпарат көзі: 24.kz