top of page

Сенатор онлайн-оқыту проблемасына алаңдаулы

  • news_one
  • 2 февр. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

Бүгінде қашықтан оқитын студенттер әртүрлі оқу сайттарын қолдануға мәжбүр болып отыр.


Оған бірыңғай білім беру онлайн-платформасының әлі жасалмағандығы себеп. Осыған дейін онлайн білім беру платформаларын пайдалануда оны бірі тегін қолданса, екіншісі өзге қызмет көрсетушілерден сатып алып отыр. Сенатор Ольга Перепечина осы мәселелерді өз сауалына арқау етті.


«Күнделік» жүйесі білім және ғылым министрлігінің жалғыз серіктесі екенін ескере отырып, сенатор бұл жүйенің жеке инвестор есебінен толық қаржыландырылатынын атап өтті. Алайда кейбір білім беру интернет-платформалары «Күнделік» функцияларының ақысыз қызметінің көшірмесін мемлекеттік бюджеттен сатып алуда.


«Сонымен қатар «Күнделік» автоматтандырылған ақпарат жүйесінің қызметін қайталайтын белгілі бір білім беру интернет-платформалары өз қызметтерін бірқатар білім ошақтары мен жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер үшін ақылы негізде ұсынатын практика байқалады. Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар жүйедегі бірнеше жұмыстың мәжбүрлі түрде бірдей жүруіне байланысты жүктеменің артуына көңілі толмай отыр. Осының салдарынан білім алушылардың оқу үлгерімін нақты бақылау орны да белгісіз», – деді Ольга Перепечина.


Сенатордың пікірінше, интернет-платформалар жұмысының үйлеспеуі және олардың қызметінің қайталануы бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға негіз болып отыр.


Ақпарат көзі: ҚР Парменті Сенатының баспасөз қызметі



 
 
 

Комментарии


© 1999-2025  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт| образование Казахстан

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page