главная

Болашаққа жолдама: бағыт, бағдар

 

 

Көп ұзамай еліміздің түкпір-түкпірінен саң мыңдаған түлек ұясынан түлеп ұшады, үлкен өмірге жолдама алады. Осы жолда адаспай, дүниеге бір кірпіш болып қалану үшін мамандық таңдаудың маңызы зор. Елімізге дәрігер де, ұстаз да, ұшқыш та, инженер де, аспаз да, диқан да қажет. Алайда сан мыңдаған мамандықтың ішінен өзіңе жақынын, ертеңгі күні өміріңе азық боларын таңдау қиынның-қиыны.

 

Елбасымыз Н.Назарбаев «Бұл заман-білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік», - деп болашағымыз үшін білімнің маңызын атап өтсе де, сол жолда кездесетін қиындықтарды әлі жеңе алмай келеміз. Бір кезде арман қуып, болашақтарына сеніммен қарап оқу орындарының табалдырығын аттаған мыңдаған жастардың көбі бүгінде жұмыссыз жүр. Неліктен? Мамандық таңдауда қателескен, сұранысқа ие емес кәсіпті таңдаған, жүрегі қаламаса да, ата-анасының көңілін қимаған... тағысын-тағылар. Жұмыссыз  жастардың қатарын толықтырмау үшін бүгінгі түлектер олардың қателіктерінен сабақ алулары қажет. Сондықтан өзінің икемі бар, бүгінгі нарықтық экономика талаптарына жауап беретін, сұранысқа ие мамандық таңдауға көңіл бөлгендері жөн.                                                                                                                   Мамандық таңдау өз алдына бір жауапты іс болса, оны меңгеру үшін лайықты білім беретін оқу орнын табу да  маңызды. Бұл орайда жастарға бағыт-бағдар беру мақсатында «Современное образование» қоғамдық қорының  алматылық түлектерге арнап өткізетін форумының берері мол. Желтоқсанның басында өткен дәстүрлі форум осы жолы Бостандық және Наурызбай аудандарының оқушыларына арнап ұйымдастырылды. Форумға  500-ге жуық оқушы қатысты. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері оларды толғандырып жүрген сан алуан сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, форум барысында оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылып, университеттер мен колледждер өздерін таныстырды, жетістіктерімен бөлісті.                                                                                             85 жылдық тарихы бар еліміздің алғашқы медициналық университеті – С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ осы жылдар аралығында 75 мыңнан астам маман даярлап, қанат қақтырды. Бүгінде мұнда әлемнің 17 елінен  11 мыңнан астам студент білім алуда. Оларға дәріс оқушы 1700 оқытушының 160-ы ғылым докторлары мен 500-ден астамы ғылым кандидаттары.                                                                                                             Қазақстандағы жетекші оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 700 үздік университеттері арасында 305 орынға, сондай-ақ 50 жоғары технологиялық университеттері ішінде 31 орынға тұрақтаған.  Іргесі қаланғаннан бері аталмыш оқу орыны өзінің көшбасшылық тұғырынан тайған емес. Университеттің 14 факультеті білікті маман даярлап,  сан жылдар бойы еліміздің әр саласының дамуына  үлесін қосып келеді.                           Каспий университеті 23-жылдық  тарихына қарамастан, білім беру саласында беделге ие болып үлгерді. Бүгінде университет бес сала – гуманитарлық, заң, экономика, инженерлік және бизнес-мектеп бойынша білім беруде. Сондай-ақ, оқу орнында архитектура мен дизайн мектебі жұмыс істейді. Ал  Caspian Art School актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретумен  қатар, еліміздегі тың кәсіптің бірі-клипмейкерлерді де даярлайды.  Осылайша Каспий университеті білім беру ісінде жаңашылдыққа бой ұруда.                                                 Форумның  белсенді қатысушыларының бірі «Тұран»  университетінің де ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар. Университеттің маркетинг және қабылдау кампаниясы департаментінің директоры Адия Искакованың айтуынша,  оқу орыны 2014 жылдың көрсеткіші  бойынша Қазақстанның гуманитарлық-экономикалық университеттерінің арасынан топ жарып,  4-орынды иеленген. Жыл сайын  3500-ден астам маман даярлайтын оқу орны түлектерінің 95 пайызы еңбекпен қамтылатыны куантады.                                               Сондай-ақ, форумда Т.Рұсқылов атындағы ҚЭУ, АЭСУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университеті,Халықаралық бизнес академиясының колледжі де өз оқу орындарының артықшылықтарымен бөлісіп, оқушылардың қызығушылығын тудырды.  Форум барысында оқушылар тарапынан ең көп қойылған сауалдардың бірі – Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты болды. Сауалдарға Ұлттық тестілеу орталығының зертхана меңгерушісі  Кәмет Нағашыбек жауап берді.                                                                                                  Бүгінде «заңгер», «қаржыгер» мамандықтары сәннен қалған сияқты.  Форум кезінде толтырылған сауалнама парақшаларынан мәлім болғандай, оқушылардың басым көпшілігінің сәулетші, дәрігер, байланысшы болғылары келсе, біразы өз болашақтарын биотехнология, инженер, технолог, журналист, актер сынды мамандықтармен байланыстырады. Өкініштісі – агроном, ветеринар болғым келеді деушілер жоқтың қасы.                                                       Көп ұзамай еліміздің түкпір-түкпірінен саң мыңдаған түлек ұясынан түлеп ұшады, үлкен өмірге жолдама алады. Сүрлеу-соқпағы көп өмірге бастар жолдаманың тағдыры үш сағатқа созылатын ҰБТ-да шешілмек. Жолдама үшін күресте талапкерлерге білімдерімен  қатар бақтары  серік болсын, дейік.

 

 

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon