главная

Менеджмент және жоғары білім берудегі көшбасшылық мәселелері

June 7, 2017

 

 

Назарбаев Университетінде білім беру саласында ірі оқиға болып табылатын  VІ Жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумы (EHELF) өтті.  Форумның биылғы тақырыбы «Жоғары білім берудегі басқару, көшбасшылық және менеджмент» деп аталды.  

     Форумның іс-шараларының бағдарламасы халықаралық және отандық сарапшылардың, ЖОО және бизнес қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткізілетін пленарлық мәжілісті, сондай-ақ Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялау семинарларын қамтиды.  Форумға Қазақстан, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Аустралия, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей сияқты алыс және жақын елдерден келген 300-ден астам адам қатысып отыр.

 

 


 

   Форумға қатысушыларға арналған бейнежолдауда Мем­ле­кеттік хатшы Гүлшара Әбді­қалықова EHELF жұмысына табыс тіледі.
Бұл алқалы жиын іс-шара­ларының бағдарламасында халық­аралық және отандық сарап­­шы­лары, жоғары оқу орын­дары және бизнес қауым­дастық өкілдері пікір алмасты. Пленарлық мәжілісте Назарбаев Университетінің тәжіри­­бесін трансляциялау мәсе­­лесі айтылып, семинарларда талқы­ланды.


Іс-шара барысында қаты­су­шылар әртүрлі елдерде жоғары білім берудегі көшбасшылыққа қол жеткізу және табысты менедж­ментті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз пікірлерімен, тә­жірибелерімен бөлісті. ЖОО-лар­дағы академиялық сапа, бас­қару­ды жетілдіру, қазіргі заманға сай кадр­ларды даярлау және жоғары білім­ді дамытудың басқа да өзекті мәселелері  талқыланды. 
Пленарлық мәжілістің спи­керлігін  BoardFocus Advisory атқарушы директоры Джудит МакКормик (Австралия); Magna Charta Observatory бас хатшысы Дэвид Локк (Ұлыбритания); Кембридж университеті Білім беру факультетінің Білім беру инновациялары орталығының дирек­торы Колин Маклафлин (Ұлы­британия); Гонконг білім беру университетінің вице-президенті Луи Тай-Лок атқарды.

 

 


      Білім мен ғылымның жаңа жетіс­тіктерін жинақтаған Назарбаев Университетінің тә­жі­ри­бесін трансляциялау бойын­ша семинарларда көптеген ойлар айтылып, тиянақталды. Сол секілді, академиялық стандарттарды қолдаудағы соңғы үрдіс­тер талқыланды. Назарбаев Уни­верситетінің академиялық сапаны қамтамасыз ету және арттыру саласындағы тәжірибесі жиналған жұртшылық назарына ұсынылды. 


Білімнің тұтастығы проблема­ларын талқылау барысында Уни­верситет өкілдері түлектердің табыс­қа жетуі үшін қажетті дағ­ды­лар мен құндылықтарды ор­нық­тыру мақсатында студенттер­мен оқудан тыс жұмыстарды жандандыру және жаңа білім дағдыларын енгізу бағытындағы тәжірибелерімен де бөлісті. Семинарлар үстінде Прези­дент Н.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сындағы нақты тапсырмалары әңгіме арқауына айналып, қайта жаңғыру мемлекеттің мерейін асыратынына баса назар аударылды. Бұған қоса, «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының жобасына арнайы тоқталды.

 

 


Бұл жолғы жоғары білім беру көшбасшыларының жыл са­йын­ғы Еуразиялық форумы «Кітапха­на­лық өзара әрекеттесу-2017: университет кітапханасын дамы­тудағы заманауи әлемдік үрдістер («Library Connect-2017»)»  және «Университет кітапханаларын дамытудағы заманауи трендтер: тәжірибе, проблемалар және перспективалар-2017» атты ғылыми-практикалық конференцияларға ұласты. Сонымен, жоғары білім беру ісін басқару, көшбасшылық және менеджменті талқыланған алқалы форум жұмысындағы қоз­ғалған мәселелер алдағы қол­да­ныста нәтижелі жұмыс істеуі тиіс.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon