top of page
Поиск

Алматыда III Орталық-азиялық Агротехнологиялық саммит өтті


Үстіміздегі жылдың 6 желтоқсан күні Алматыда Агротехнологиялық инновациялық саммит өтті. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған саммит ауыл шаруашылығы саласындағы білім, ғылым, бизнес өкілдерінің тәжірибе алмасатын алаңына айналып үлгерді.

Саммит жұмысына USDA, FAO, UNESCO, АзияДаму Банкінің сарапшылары, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, жергілікті атқарушы органдардың, салалық ассоциациялардың, ЖОО, ҒЗИ, МЕҰ, ірі агроқұрылымдардың басшылары қатысты.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін инновациялық бағытта дамыту мәселелеріне арналған шараны Қазақ ұлттық аграрлық университеті ҚР АШМ қолдауымен Агротехнологиялық Хаб және Азия Даму Банкімен бірлесе ұйымдастырды.

Басты мақсат – еліміздің өндіріс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған аграрлық саясатын жүзеге асыру, білім генерациясы үшін тиімді экожүйе құру және әлемдік озық тәжірибелерді жинау.

Саммит жұмысын ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҮҒА академигі Есполов Тілектес Исабайұлы кіріспе сөзбен ашып, маңызды жиынның модераторы ретінде агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытта дамыту мәселелері бойынша кең көлемді мазмұнды баяндама жасады.

Саммит аясында қатысушылар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ аграрлық секторды дамытудың барлық саласы бойынша табысты жұмыс атқаруға жағдай жасайтын ғылыми және тәжірибелік қызметтерімен бөлісіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі түйінді мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Саммит барысындағы тақырыптық панельді сессиялар мен дөңгелек үстелдерде ауыл шаруашылығының ресурстық әлеуетін бағалаудың перспективті көрсеткіштері және заманауи трендтері, оның ішінде сужәне жер ресурстары, 2027 жылға дейінгі аграрлық нарықтың дамуы, аграрлық бизнестегі сандық технологиялар, ауышлшаруашылық дақылдарының және мал шаруашылығының өнімділігін арттыру, сонымен қатар АӨК модернизациялауға инвестициялар тарту мәселелері қарастырылды.

Бір алаңда жетекші агроқұрылымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, бизнесқұрылымдар, ҒЗИ- қаржылық институттар, шетелдік жоғары оқу орындары мен АҚШ, Италия, Нидерланды, Германия, Түркия, ТМД елдері ғылыми орталықтарының жетекші мамандары озық тәжірибелерімен бөлісіп, инновациялық технологиялар және жаңа білімдер трансфертін іске асыру бағыттарын саралады.

Аграрлық саланы сауықтыруға арналған Саммит аясындағы сессияларды Мичиган штатының жерді бақылау орталығының директоры, доктор Дзягуо Чи Қазақстандағы жайылымдық жерлер мен алқаптарға мониторинг жүргізудегі қашықтықтан бақылау технологияларын қолдану туралы баяндама жасады.

Жетекші экономист, ФАОмаманы, Рене Арауио Енсизо Қазақстандағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің 2027 жылға дейінгі болжамдарымен таныстырды.

Дәстүрлі Саммиттің өтуіне жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Джиованни Каппанелли біздің еліміздегі агроөнеркісіптік кешенді модернизациялау және АДБ қолдап жүрген қазақстандық жобалар барысымен таныстырды.

АҚШ Президенттері болған Джордж Буш пенБарака Обаманың технологиялар бойынша экс-кеңесшісі, білікті ғалым Томас Селлуччи жаңа ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциялизациялау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының төрайымы Елена Бахмутова ауыл шаруашылық саласын қаржыландыру мәселелеріне тоқталды.

Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының Инвестициялық орталыңының агробизнес жөніндегі жетекшісі Инна Пундафермерлерге қолдау көрсетуге негізделген «Қазақстан Ғарыш Сапары»Ұлттық компаниясымен бірлескен жобаның іске асырылу барысын баяндады.

Нидерландының Делфт Халықаралық Гидрологиялық институтының доктор Вим Бастиаансен су ресурстарын пайдалану бойынша мониторгинг жүргізуде ғарыштық технологияларды пайдалану туралы айтты.

Сонымен қатар АҚШ ғалымдары Кен Спает пен Филипп Гертин Қазақстандағы ет өндірісі мал шаруашылығындағы мәселелер бойынша жүргізген талдауларымен таныстырды.

Жылыжайларда ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру кезінде олардың өнімділігін арттыратын диодты жарықтарды пайдалану технологиялары туралы Питер Кристианс айтып өтті.

Америкалық ғалым Брайн Ректор мен италиялық ғалым өсәімдіктерді қорғаудағы биологиялық әдістер туралы баяндады.

Осындай жоғары деңгейдегі ауықымды іс-шаралардың өтуі ауыл кәсіпкерлеріне толғандырып жүрген сұрақтарына жауапты тікелей әлемнің жетекші ғалымдары мен эксперт-мамандарынан алуға мүмкіндік береді.

Өткен саммиттердің қорытындылары ауылдың көптеген тауар өндірушілерінің ғылымға деген көзқарастарын толығымен өзгерткендігін, инновациялық технологияларды белсенді түрде енгізе бастағандығын көрсетіп отыр. Бұл жағдай агроөндірістік кешенде еңбек өнімділігінің артуына ықпал етіп келеді.

Саммит жүмысын ұйымдастырып, үйлестіруші қызметін атқарып жүрген Агротехнологиялық Хаб (директоры Марат Бексұлтанов), Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық зерттеу орталығы ретінде бүгінгі күні шетелдік әріптестермен тығыз ынтымақтастық орнатып, инновациялық шешімдерге негізделген, әлемдік талаптарға сай ғылыми жобалар жасап отыр.

Университет АҚШ Ауыл шаруашылығы Департаменті (USDA), Колумбия, Корнель және Мичиган университеттері, Италья жаңа технологиялар және тұрақты ресурстар агенттігі (ENEA). Даму институттары: Азия және Европа Даму Банктері, Бүкіләлемдік Даму Банкімен бірлескен инновациялық жобаларды іске асыруда.

Үшінші Орталық-Азиялық Агротехнологиялық Саммит Қазақстан ауыл шаруашылық саласындағы мақсат-міндеттері әлемдік қауымдастықпен ортақ екендігін көрсетті және қатысушылар деңгейі жағынан жоғары болды.

Бұл өз кезегінде аграрлық саланы дамытудағы нақты механизмге деген қызығушылықтың да аса жоғары екендігін көрсетеді. Ұйымдастырушылар дәстүрлі Саммит кеңістігінің әлі кеңейе түсетіндігіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосқысы келетін жаңа мүшелермен толыға түсетіндігіне сенім білдіріп отыр.

Алдағы уақытта Саммит қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, агроөнеркәсіп кешеніндегі маңызды мәселелер мен оларды шешу жолдары турасында арнайы Қарар қабылданып, Қазақстан Үкіметі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне, аграрлық салаға маманданған өзге де шет елдік ұйымдарға нақты ұсыныстар жолданатын болады.

Фото: М.Ботабеков

bottom of page