главная

Жұмыс берушілер қызметке үміткерлердің бойынан қандай қасиеттер көргісі келеді?

Қазіргі уақытта компаниялар бүтін бір бөлімнің орнына әмбебап маманды көргісі келеді. Ал еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар қандай және болашақта жұмыс берушілер қандай мамандықтарды қажет етеді?

 

Қандай мамандықтар ең көп сұранысқа ие?

 

Әрбір ЖОО мамандықтарға сұраныс әр түрлі. Қазіргі таңда шет тілін меңгергісі келетіндер мамандар көбеюде. Бұл әрине мемлекеттік саясаттың магистральды бағытымен байланысты. Қазір білім министрлігі де оқу орындарында педагогтар мен оқушыларға ағылшын тілін үйрету туралы барынша жағдай жасап жатыр.

 

Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласына қызығушылардың да саны артып келеді. Технология мен техникалық мамандықтардан ақпараттық жүйе, есептеуіш техника, бағдарламалық қамтамасыздандыру, басқаруды автоматтандыру мамандықтарын ерекше атап өту керек. Бұл салалар бойынша әрдайым сұраныс бар. Мұнай-газ саласы бойынша жағдай тұрақты.

 

Кез-келген салада кәсіпқой маман қажет. 5 жылдан кейін де жағдай осындай болады. Жұмыс берушілерге өз индустриясы мен кәсіби аймағын жақсы білетін, кәсіби және өзін-өзі дамытуға дайын қызметкерлер керек. Қысқа мерзімдік перспективада мемлекет пен экономикадағы жағдайларды көрсететін шағын трендтер пайда болады. Мысалы, қандай да бір заңды қабылдау нақты мамандықтың сұранысына әсер етеді

 

Жұмыс берушілер қызметке үміткерлердің бойынан қандай қасиеттер көргісі келеді?

 

 

 

Әрине, біріншіден, тәжірибе мен кәсібилік, екіншіден – кандидаттың универсал болуы. Барлық ізденушілер бір бағытпен шектеліп қалмай, жаңа білім алуға ұмтылуы қажет. Өзінің кәсіби ой-өрісін кеңейтуі қажет. Стандартты емес шешімдер табу және жұмыстың басқа қырынан саралай білуді жұмыс берушілер болашақта да жоғары бағалайды.

 

Соңғы жылдары жаңа мамандықтар санының артуы ІТ саласының дамуымен байланысты.  Қазір web-программист немесе виртуалды әлем дизайнері вакансиясымен ешкімді таң қалдыра алмайсыз. Екінің бірі өзін интернет-блогер немесе лайфстайл-коуч деп атайды.

Уақыт өте келе технологияның дамуына қарай кәсіптер қарқынды трансформациядан өтеді. Уақытқа қатысты міндеттердің шешімін табатын болады. Сондықтан сарапшының пікірінше, болашақта ақпараттық технологиялардың өзгеріп отыруына байланысты оларға икемділік пен бейімділік бағаланады. 30 маманның орнын өзін әр бағытта дамытқан бір әмбебап маман алмастырады.

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon