главная

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен Алқа отырысы өтті

2019 жылғы 5 қыркүйекте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.

 

Алқалы жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, және ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ЖОО ректорлары, ұлттық және республикалық орталықтар мен мектеп, колледж, білім беру басқармаларының басшылары; білім және ғылым саласын бақылау департаменттерінің, педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру институттарының директорлары қатысты.
 
Алқалы жиында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында білім және ғылымның алдында тұрған негізгі міндеттері туралы арнайы баяндама жасады.
 
Министрдің айтуынша, білім жүйесін жаңғырту жұмыстары барлық бағыттар бойынша жалғасады. Ал ауқымды тапсырма Жолдауда көтерілген білімді дамыту және тиімді жүйені құруға бағытталады. Асхат Аймағамбетов бұл тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ведомствоның алдағы міндеттеріне тоқтала келіп, баяндамашыларға сөз берді.
 
Баяндамалардың бәрі мәнді де маңызды шықты. Мәселен, Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова аудандық білім бөлімін облыстың құзіретіне беру және балабақшаны аудандық әкімдіктен білім басқармасын өткізу, ауыл мен қала оқушыларының білім сапасын теңестіру үшін қаржылық айырмашылық болмауы жайлы және сандық технологияны дамыту тұрғысында келелі ой қозғады.


Алқа отырысын жүргізген министр Жолдаудан туындаған ұсыныстардың шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысушылар пленарлық мәжілістен соң бес-алты секция бойынша жұмыс жасады.

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon