главная

Ақтөбелік 34 ұстаз дипломсыз жұмыс істеген

September 17, 2019

Білім ордаларында еңбек ететін 34 ақтөбелік мұғалімнің дипломы жоқ боп шықты. Прокурорлық тексеру кезінде олар жалған құжатпен жұмысқа орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды "Современное образование" журналының тілшісі 24.кз сайтына сілтеме жасап.

 

7-і арнаулы білім беретін колледждерде, 11-і мектептерде және 13 тәрбиеші балабақша бөбектерімен жұмыс істеген. Тіпті музыкалық колледжде, фортепиано класында біліктілігі құжатпен дәлелденбеген 5 азамат тәлім берген. Қолындарындағы құжатқа сәйкес олар Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетті тәмәмдаған. Алайда прокурорлар бұл жоғары оқу орнында аталмыш мамандарды даярлайтын факультеттің жоқ екендігін айтып отыр. Сондай-ақ қадағалаушы орган ел аумағында диплом саудалаған 19 интернет парақшасының қызметін тоқтату туралы сотқа арыз берді.

   Бақытжан Ешмағамбетов, Ақтөбе қаласы Алматы ауданы прокурорының орынбасары: - Талдау нәтижелері бойынша  жалған құжаттарды пайдаланған және осы құжаттарды әзірлеген тұлғаларды анықтау мақсатында материалдар ішкі істер органдарына жолданды. Осымен бірге Ақтөбе қаласы әкімінің атына және білім басқармасы атына заңбұзушылықты жою туралы ұсынулар енгізілді.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon