главная

Жастар жылындағы жаңа мүмкіндіктер

September 19, 2019

Елбасының бастамасымен биыл Жастар жылы жарияланды. Осы аралықта мемлекет тарапы жастарды жан-жақты қолдап, жағдай жасап келеді. Ол жағынан Қызылорда да қалыс қалып жатқан жоқ.

Мәселен, қала жастарына ең үлкен тарту – сол жағалаудағы жаңа қаладан заманауи үлгіде Жас­тар орталығы ашылып, пай­далануға берілді. Қалалық жас­тар ресурстық орталығы осы ғи­­­маратқа орналастырылды. Мұн­­да қала жастарының бас қосуы­на, бос уақытын тиім­ді пай­далануына барлық жағ­­­­дай жасалған. Оған қо­са, «Дип­лом­мен ауылға» бағ­дар­ла­масы бойынша биыл 109 маманға кө­терме жәрдемақы үшін 19 млн теңге бөлінген. Ал соның 52 ма­манына баспана алу үшін 197 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Мысалы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында 727 млн теңге құрайтын 121 жо­ба қолдау тапты. Оның ішін­­де 469 млн теңгені 70 жо­ба­ға қар­жы­лан­ды­рылды. Бұл көр­сет­кіш өт­кен­мен салыс­тыр­ғанда, 14 па­йыз­ға артқанын көрсетіп отыр.

 

Жастарды қолдаудың тағы бір жолы – кәсіпкерлікті дамыту. Мемлекет тарапынан жан-жақ­ты қолдау көрсетіліп жатыр. Со­ның арқасында шағын және орта бизнестің көлемі ұлғайып келеді. Сол бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз гранттар берілді. Осы бойынша 19,4 млн теңгеге 78 жоба мақұлданған. Ал «Биз­нес­тің жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасы аясында «Өңірлік үйлестіру кеңесінен» 1,2 млрд теңгені құрайтын 28 жоба қолдау тапты. Жалпы, өңірдегі жаппай кәсіпкерлік дамыту бойынша айтарлықтай өзгерістер бар.

Осы үш жыл ішінде қаладағы биз­нес климаты жақсарып, ша­ғын кәсіпкерлік дами бастады. Оған дәлел, облыс бойынша нақ­­­ты жұмыс істеп тұрған кәсіп­­керлік субъектілерінің тең жар­­тысы, яғни 50,8 пайызы Қы­зы­лор­да қаласына тиесілі. Жыл басынан бері жаңадан тіркелген 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 1 600 жұмыс ор­ны ашылды. Қазақстанда ин­дус­триалды-инновациялық да­мы­­тудың 2015-2019 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарла­ма­сы аясында соңғы үш жыл­дық­та бірнеше ірі жоба іске қосы­­лып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

 

Қызылорда қаласы бойын­ша өңірлік кәсіпкерлікті қол­дау картасына 62,5 млрд тең­гені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 жо­ба республикалық картаға енгі­зіл­се, қалған 7 жоба өңірлік кәсіп­керлікті қолдау картасына енді. Жобалар толық іске қосыл­ған­да 1 190 адам жұмыспен қам­ты­латын болады.

 

Олардың қатарында «Жан Арай Жем» ЖШС-ның «Қуат­ты­лы­ғы тәулігіне 80 тон­на құ­ра­ма жем зауыты» жобасы, «Мак­си­ма Ло­гистикс Қазақстан» ЖШС-ның «Керамикалық кірпіш өн­­ді­ретін зауыт құрылысы», «Азиаш» ЖШС-ның «Сэндвич па­нел өндіру», «Узаков» ЖК-ның «Қа­­бырғалық және тротуарлық мате­риал­дарының өндірісі», «Ақ-Мер­­ген» ЖШС-ның «Стенділік ату­ға арналған атқыштар ке­ше­­нін ұйымдастыру», «РМЗ –Ша­па­ғат» ЖШС-ның «Үй құрылыс ком­бинаты» және «Газ Трейд» ЖШС-ның «Автомобильді газ­бен толтыру бекетінің құры­лы­сы» жобалары бар.

«2015-2019 жылдарға ар­нал­­­ған Индустриялды-ин­но­­вациялық дамытудың» мем­­­лекеттік бағдарламасы ая­сын­­да Қызылорда қаласы бо­йын­ша өңірлік кәсіпкерлікті қол­дау кар­тасына 67,8 млрд тең­­гені құрайтын 8 жоба ен­гі­­зілді. Бағ­дар­ламаның екін­ші бес­жыл­дығында ин­дус­трия­лан­дыру картасына жалпы құны 59,4 млрд теңгені құрайтын 19 жо­ба жүзеге асыру енгізілген. Оның қатарында «Шыны шы­ға­ру зауы­ты», «Темір-бетон бұйым­да­­рын шығару», «Асфальт-бе­тон зауыты», «Электронасос қон­дырғыларын жинау цехы», «Полимерлік құбырлар өндіру зауыты», «Ферроқорытпа зауы­ты», «Мұнай өнімдерін өңдеу зауы­­ты» және басқа да жоба­лар­мен толығуда.

 

Қызылорда да инвестиция­лық саясаттың негізгі басым­дығы – инвестициялық жобалардың жүзеге асыруына шетелдік жә­не отандық инвесторларды тар­ту. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»­ атты Қазақстан халқына Жол­­­дауында тұрғын үй-ком­му­­­налдық шаруашылығын жаң­­­ғырту саласында, инфра­құ­ры­лымдық жобаларды жүзе­­ге асыруда шетелдік қар­жы институттарымен ынты­мақ­тастықты нығайту туралы тап­­сырмасына сәйкес қаржы ұйым­дарымен қарым-қатынас орнатылып, Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызы­лорда қаласының инфра­­құры­лы­мын дамытуға негіз­дел­ген несиелік келісімдерге қол қо­йыл­­ғаны көптің жадында. Нәти­же­сінде, келісімдер бойынша Қызы­лорда қаласының электр, жылу және су желілерін, көше­лер­ді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту, тұрмыстық қат­ты қалдықтарды өңдеу зауы­ты жобалары аясында қала бо­йын­ша бірнеше айтулы жоба жүзе­ге асырылды. Сондай-ақ биыл жыл басынан бері негізгі ин­­вестицияға салынған қаржы кө­ле­мі 48 891 млн теңгені құрады.
 

«Бизнестің жол картасы – ­2020» кәсіпкерлікті қолдау мен да­мытудың бірыңғай бағ­дар­ла­масы аясында мемлекеттік қол­дау және лизингтік компа­ния­­лармен көрсетілетін қызмет қарызға алынған қаражат есе­­­­бінен қаралатын болады. Мем­­­лекеттік органдардың бар­лық қызметінің негізгі қағи­да­лары жас кәсіпкердің қыз­ме­тін қолдау мен дамытуға ба­ғытталуда. Сондықтан ең бас­тысы бизнеспен айналысу ережесі қарапайым, оңай әрі тү­­сінікті. Бастысы бизнеспен ай­­­налысып жатқан жастарға қо­­­ғам­ның көзқа­ра­сы оң болуы ке­рек. Адамды ең­­бекке баулып, та­бысқа қарай ұмтылысына ын­­­таландырып қол­дау қашан­да пайдалы. Абай атамыз айт­қан­дай, маңдайымыздан ақ­қан те­рі­мізді сатуымыз қажет. Жас­­­тар­­ға кәсібінің нағыз маманы бо­­лу­­ға және өз бастамасын жү­зе­ге асы­­руға мүмкіндік пен жағ­дай жа­­­­сасақ болғаны. Ал табыс­ты болу – жас кәсіпкердің ен­ші­сінде.

 

 

 


 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon